Бизнес және экономика

Ұлт жоспарындағы төрт бірдей қадам құрылыс саласын жаңғыртуға арналған

Николай Ким, “Основание” ЖШС учаске бастығы.

-Бүгінде баспананың ішіне инженерлік, коммуналдық желілер тартылған. Қазір екі подъездегі ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтауға шақ қалдық. Одан кейін өзге подъездерге ауысамыз. Ішкі әрлеу жұмыстарымен қатар баспананың шатырын жауып жатырмыз. Нысанда 80 адам еңбек етуде.

“Основание” ЖШС -нің құрылыс саласында жүргеніне 20 жылдың жүзі. Соңғы 5 жыл көлемінде тәжірибесі мол компания мемлекеттен тапсырыс алып, түрлі бағдарламалар аясында халыққа жайлы ондаған тұрғын үйді салып берді. Сонымен қатар, облыс орталығы мен бірнеше ауданда мектеп пен ауруханалар тұрғызуда. “Основание” ЖШС-нің директоры Сергей Тимофеев соңғы уақытта ел экономикасының әлеуеті артып, тиісініше, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралар көптеп қолға алынуда дейді. Мысалы, әр өңірде құрылыс жаппай қарқын алған. Сәйкесінше, құрылыс компанияларына мол тапсырыс түсіп, олар ертеңгі күнге сеніммен қарайтын болды.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры.

-Бүгінде сапалы құрылыс материалдарын өзімізде шығаратын жағдайға жеттік. Енді Петропавлдағы кірпіш зауыты толық қуатына көшсе, өнімді өзге аймақтан алдыртпайтын боламыз. Шын сөзім, елімізде құрылыс индустриясы біртіндеп жақсарып келеді. Биыл Елбасы ұсынған ұлт жоспарындағы төрт бірдей қадам осы құрылыс саласын жаңғыртуға арналған. Келешекте құрылысқа қажетті архитектуралық жобалау, нысанның эскизін жасау, оған рұқсат алуға нақты уақыттар белгіленетіні қуантады.

Өңір құрылысшылары осы салаға да жаңа технологияларды енгізу керек деп есептейді. Сондай-ақ, елбасы ұсынған бағдарламадағы 49-қадамды толып құптауда. Онда кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген талаптары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу туралы айтылған. Осылайша, нысандарды тұрғызуда инновациялық технологиялар мен материалдарды қолданылмақшы. Есесіне құрылыс нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігі артады деп күтілуде.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры.

-Бұл өте дұрыс. Құрылыс саласында кей нормаларды өзгерту керек. Мысалы, бір үйді 2 жыл көлемінде саламыз. Осы уқаытта оған қажетті материалдардың, бұйымдардың және жабдықтардың бағасы өзгеруі мүмкін. Сондықтан мен құрылыстың жобалық сметалық құжатын жылда қарастырған жөн деп есептеймін.

Құрылысшылар ұлт жоспарындағы бұл 4 қадам жүзеге асса, құрылыс саласына тың серпілістер әкеледі деген үмітте.

 

 

Берик Касен.