Әр түрлі

Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар бір бағытта жұмыс жасауы тиіс

Сергей Худяков- СҚО азаматтар альянсының төрағасы.

-Үкіметтік емес ұйым мүшелері түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде олар берілген жұмысты өз қарым-қабылетіне, біліктілігіне қарай тындырады. Ал егер нақты стандарттар қабылданса, біз солар бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Бұл жұмыстың сапалы орындалуына әкеледі. Өйткені, ұйым жұмысты дұрыс жасамаса, кейін оған әлеуметтік тапсырыстыр берілмейді. Сонысымен де бұл стандарттар тиімді болмақ.

Қазіргі таңда ел көлемінде 6 жоба талқыланып жатыр. Оларды Өскемен қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері әзірлеген екен. Енді солтүстікқазақстандықтар оны қарастырып, артық не дұрыс болмаған жерлерін толықтырмақшы.

Алина Орлова- Әйелдерді қолдау орталығының директоры.

-Біз әйелдер құқығын қорғау, әсіресе тұрмыстық зомбылықты және адам саудасына қатысты мәселелері қарастырамыз. Мен бұл проблеманы 2005 жылдан бастап көтеріп келемін. Бүгіндері бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Жұмыстар жасалып келеді. Ал мына қабылданатын стандарттар жұмысты бір жүйеге келтіріп, істі жеңілдетеді дегенге сенім зор.

Қазір бұл құжаттар еліміздің 5 қаласында қызу талқыланып жатыр. Ал 30 шілде күні әр өңірден қосылған ұсыныстар Астанада өтетін кездесуде тағы бір талқыланып, қабылданатын болады.

 

 

Магжан Ахмадина.