Балалар

Бескөл ауылының тұрғыны мүгедек балаларға қуаныш сыйлап жүр

Яна Новоселова – демеуші, Бескөл ауылының тұрғыны.

-Мен мүмүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасағым келіп тұрады. Олардың қуанышты жүзін көру мен үшін бір бақыт. Бұл жобамды ойластырғанда, іске аспайтын шығар деп ойлағам. Алайда, жолдасым, үйдегі балаларым қолдау көрсетті. Нәтижесінде, талай балаға қуаныш сыйладым. Алдағы уақытта да торт пісіріп, балаларға сыйлай беремін.

Бүгінге дейін Яна денсаулығы нашар балақайларға өз қолымен дайындаған 15 үлкен тоқашты тарту еткен. Бұл жолы әзірлеген тәттісін ол Байқадамовтар отбасына әкеліпті. Үйдің кіші қызы Ділназ дауын ауруына шалдыққан. 4 жастағы Ділназдың анасы мұндай сыйға дән риза.

Сұлужан Байқадамова – Ділназдың анасы.

-Бүгін бізге келіп баламды қуантып жатқандарыңызға рахмет. Өзі сөйлей алмаса да, сіздер жақсылықтарыңызды сезіп отыр. Осындай қамқоршы адамдар көп болсын.

Сондай-ақ, Ділназға Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары түрлі-түсті кітаптарды сыйлады. Жалпы, Қызылжар ауданында бүгінгі таңда 150 аса жарымжан бала тіркелген.

 

 

Култанов Байболат.