Әр түрлі

Аулаларды аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Мнавара Муратова- «Астана» ПИК төрайымы.

-Шынымен де бұл аула осыған дейін нағыз қоқыс алаңы болатын. Қараңғы болса жүруге қорқатынбыз. Енді міне қалай өзгерді. Көз қуантады. Барлығы тазаланып қалды. Үйде негізінен қарт адамдар тұрады. Сондықтан жинау қиын болатын. Келешекте ауланы ластамай, осы қалыпта сақтауға тырысатын боламыз.

Алаңның аббаттандырылып жатқанына, әсіресе, ойын балалары қуанышты. Олар енді өзге аулаларды жағаламай, осы жерде емін- еркін ойнай алады.

-Біз бұрын көрші аулаға барып, футбол ойнайтынбыз. Енді міне өзіміздің аулада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қуаныштымыз.

-Ауламыздың бүгінгі күйі әрине көңілімнен шықты. Барлығы таза, жиналған. Сынған әткеншектерді жөндеп, сырлап берді. Енді жақсылап ойнауға болады.

Ауланы аббаттандыру жұмыстарымен «Коммунхоз Петропавл» ЖШС қызметкерлері айналысуда. Олар 6 күн бойы мұндағы қоқысты жинап, балалар ойнайтын жерге құм әкелген. Бұл жұмыстар өңір жетекшісінің аулаларды аббаттандыру тапсырмасы аясында жасалыпты. Жалпы, бұл пилоттық жоба саналады.

Марат Тасмағанбетов- Петропавл қаласының әкімі.

-Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қалада 20 футбол алаңы жасақталуы тиіс. Солардың бірін әлеуметтік әріптестік аясында осы аулаға орнатайық. Ал оны сақтап, тиісті жағдайда ұстау осындағы әр тұрғынның міндеті болмақ.

Айта кету керек, атқарылған шаруа үшін тұрғындар қаржы төлемейді. Барлығы демеушілердің көмегімен жасалуда. Алдағы уақытта осындай халде болған тағы 20-дан астам аула қалыпқа келтірілмек.

 

 

Магжан Ахмадина.