Құқық қорғау органдары

Тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды есепке алу

Әр қаңғыбас жайындағы мәлімет автоматтандырылған базаға жолданып, осында өңделіп отырады. Мұндай жұмыстардың арқасында полицейлер 178 қылмыстың бетін ашып, іздеуде жүрген 7 тұлғаны анықтаған. Олардың 3-уі қылмыс жасады деп айыпталған.

Әділ Қайретденов – Петропавл қалалық ІІБ қабылдап-тарату орнының бастығы.

-Қазіргі кезде осы қабылдап-тарату орнында баспанасыз қалған 296 қаңғыбас есепте тұр. Соның 229-ы ерлер болса, қалған 67-сін нәзікжандылар құрайды.

Жыл басынан қабылдап-бөлу орнына 5064 қаңғыбас жеткізіліпті. Тексеру барысында анықталғандай, ұсталғандардың 23-інің басы істі болған. 37-сі өзгелердің атын жамылып жүріпті. Сондықтан да тәртіп сақшылары үй-күйсіз жүрген азаматтарды байқаған жағдайда, бірден 52-92-99 нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

 

Бакыт Садуакасов.