Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда химиялық тазалау орталығы мемлекеттік бағдарлама аясында 15 млн. теңгеден астам несие алды

Айтжан Капенова – «Камила» химиялық тазалау орталығының директоры.

-«Жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында біз несие алдық. Қосымша 3 құралды өз қаражатымызға алу мүмкін емес еді. Бұл жобаның себі бізге молынан тиді. Мемлекетіміз жеке кәсіпкерлерге барлық жағдайды жасап отыр.

Жаңа құрылғылардың ішінде кір жуатын, химиялық тазалауға арналған машиналар және коландр үтіктеу аппараты бар. Барлығы да Италия елінде шығарылған тың қондырғылар.

Тельман Досанов – «Камила» химиялық тазалау орталығының бас технологы.

-Бізде жаңа химиялық тазалау машинасы бар. Ол жылдам айналдыратын электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Сығу кезінде минутына 2000 айналым жасайды. Бұл машина киім-кешекті сусыз тазартады. Яғни, дақтарды химиялық жолмен шығарады. Құрылғының ішінен біз киімдерді құрғақ күйінде аламыз. Мұнда кептіру аппараты да бар. Тазаланған заттардың матасына еш зақым болмайды.

Жаңа аппараттар іске қосылысымен, мұнда тағы екі жұмыс орны ашылды. Жас мамандардың бірі – Гүлдарай Жұмабаева.

Гүлдарай Жұмабаева – «Камила» химиялық тазалау орталығының заттарды қабылдаушысы.

-Химиялық тазалау орталығында жұмыс істеп жатқаныма 4 айдай уақыт болды. Жұмысым ұнайды. Ұжымым да жақсы. Клиенттеріміз де көп. Олардың әрқайсысын жылы қарсы алуға тырысасың. Клиенттеріміздің ризашылықтары біздің еңбегіміздің бағасы деп ойлаймын.

Мұнда күніне түрлі киім-кешек пен тұрмыстық заттарын арқалап, 30 шақты жерлесіміз келеді. Бұл нысанның ашылғанына көп болмаса да, тұрақты келушілері баршылық.

Александр Тыртышный – «Камила» химиялық тазалау орталығының тұрақты клиенті.

-Химиялық тазалау орталығының қызметін пайдаланған ыңғайлы. Сапалы әрі тиімді. Үйде қолмен тазалағанша, орталықтағы мамандарға тапсырған дұрыс. Олардың жұмыстарына көңілім толады. Мен бұл жердің тұрақты келушісімін.

Енді кәсіпкер несиені 7%-дық үстемемен 5 жыл ішінде төлейді.

 

 

Айгерим Ержанова.