Денсаулық сақтау

Петропавлда “Еламед” құрылғылар зауытының кезекті көрмесі ашылды

Рябцева Клавдия – қала тұрғыны.

-Мен алғаш рет Алмаг құрылғысын алып отырмын. Арқам талай жылдардан бері ауырады. Енді дәрігер кеңесімен пайдаланамын. Денсаулығым осыдан кейін жақсарады деген сенімдемін.

Жалпы, Елатом зауыты емдік қасиеті бар аппараттарды 25 жылдан астам уақыт бойы шығарып келеді. Қазіргі күні зауыт құрылғыларының 10 шақты түрі біздің елімізде де саудаланады. Оның ішінде “Алмаг”, “Теплон”, “Диомаг”, “Мавит”, “Стимэл-01”, “Унилор-01” құрылғылары халықтың сұранысына ие.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері.

-Біздегі құрылғылардың барлығы денсаулыққа пайдасын тигізеді. “Стимэл-01” аппараты аурудың бетін қайтарады. Қабынуды, ауырсынуды басатын дәрінің орнын алмастара алады. Егер оны денеңіздің ауырған жеріне бассаңыз, 6 сағатқа дейін жаныңыз жай табады.

Көрмеге қойылған тағы бір қондырғы – “Мавит” аппараты. Ол ер азаматтарға арналған. “Мавитты” қолданып, қуықалды безінің қабынуын емдеуге болады.

Батима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері.

-“Мавит” – қазіргі күні көп сұранысқа ие аппараттардың бірі. Ол простатит ауруын емдеу үшін шығарылған. Арнайы магнит өрісі арқылы ауырған жерге жылу беріп, массаж жасайды. Дәрігердің белгілеген тәртібімен қолданған жөн.

Көрме шілденің 21-і мен 24-і аралығында Абай көшесі 96 мекен-жайында өтеді. Толық мәліметтерді 33-82-96 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.

 

 

Култанов Байболат.