Құқық қорғау органдары

Жартыжылдықтың қорытындылары шығарылды

Марат Ахметов – ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы.

-Біздің басқарма құқық және заң бұзушылыққа қатысты ақпаратты жинап, статистикалық есебін толығымен жүргізеді. Ендігі кезекте, біз бұл мәліметтердің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етуіміз керек. Алдағы атқарар істеріміз әділ және заң аясында жүзеге асуы тиіс.

Үстіміздегі жылы басқарма мамандары мемлекеттік және құқық қорғау органдары мен соттарда 158 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке 28 шенеунік тартылды. Олар түрлі деңгейдегі құқық бұзушылықтарға барған. Дені, есепті дер кезінде тапсырмады деп айыпталуда.

Марат Ахметов – ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы.

 

-Жазалардың басым бөлігі азаматтардың өтініштерін уақытылы қарамай, есепті кеш тапсырғандары үшін тағайындалды. Құқық қорғау саласының өкілдері де әкімшілік жазаға тартылды. Статистикалық есеп беру бойынша да заң бұзатындар да бар.

Басқарма мамандары кәсіпкерлерлің құқығын қорғау бойынша “Бизнес тірегі” бағдарламасын жүзеге асыруға да ат салысуда. Аталмыш мекеменің порталына кез-келген кәсіпкер өтініш білдіріп, мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз тексерістері бойынша арыз түсіре алады. Жыл басынан бері порталға 17 осындай өтініш келіп түскен.

Култанов Байболат.