Мәдениет

Сабантуй-2015

Наиль Салимов, Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі.

-Сабантуй – тек татарлардың ғана емес, әр ұлттың ортақ мерекесіне айналды. Осыдан 20 жыл бұрын президентіміз әр ұлт бір шаңырақ астында жиылып, татулықта өмір сүрсін деген тілекпен Қазақстан Халқы халқы ассамблеясын құрды. Бүгінде Ассамблея 20 жылдығын тойласа, атаулы “Сабантуй” мейрамы 17-ші рет аталып өтілуде. Барша солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын.

Татар мен башқұрт халықтары үшін зор маңызға ие сабантуй мейрамының мағынасын Петропавлдағы “Дослук” татар-башқұрт этно орталығының жетекшісі ашып айтты.

Амир Баязитов, “Дослук” татар-башқұрт этно орталығының жетекшісі.

-Тарих бойынша көне татар мейрамы 1000 жыл бұрын тойлана бастаған деседі. Татар тілінен аударғанда сабан – өсімдік, яғни егіс, туй – той, көктемнің жұмыстары бітті, демалыс басталды деген мағынада болса керек. Бұрын ауыл болып тойлаған. Біз жыл сайын жаздың басында өткізетінбіз. Бұл жолы ауа-райының қолайсыздығынан шілденің ортасын белгіледік.

Мейрам күні ән шырқап, солтүстікқазақстандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған – “Булгар кызлары” триосы. Татарстан Республикасынан арнайы келген нәзікжандылар, татар диоспорасының өкілдерімен қатар, барша Петропавлдықтарды айтулы меркемен құттықтады.

“Булгар кызлары” вокалдық триосы, Татарстан Республикасы, Казань қаласы.

-Бұрындары татар халқы егіс аяқтаған бітірген соң бірден мереке ұйымдастырған. Қазір жаз маусымының кез-келген айында тойланғанымен, барлық дәстүр мен салттың осы күнге дейін сақталғаны қуантады. Біз бауырларымызды құттықтауға арнайы келдік. Құр қол емес, өнерімізді ала келдік. Бейрам Бәлән.

Қонақтардың орындауындағы татар, орыс, бұлғар тіліндегі көңілді әндерге қалалықтар ортаға шығып биледі.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші.

-Сабантуй – көктемгі науқанның аяқталуын мерекелеудің басты символы. Бұл мейрамды – өңіріміздің татар ұлтының өкілдері жер ана ырысын төгіп, егін бітік шықсын деген ниетпен, 1998 жылдан бері орталық алаңда дүбірлетіп тойлауды үзген емес.

Көңілдері көтеріңкі тұрғындар – елімізде бейбітшілік болсын, еккен егініміз мол өнімін берсін деп ақ тілектерін ақтарып жатты.

Мейрам соңы балалар арасындағы түрлі ұлттық ойындарға ұласты.

 

 

Акбопе Танирберген.