ТЖ

Қатты нөсердің салдарынан Петропавлда 17 үй судың астында қалды

Елена Шмакова, Пермин қысқа көшесіндегі, 81-үйдің тұрғыны.

-Бұл жағдай жыл сайын қайталанып тұрады. Осыған қандай да бір шара қолдануға болады ғой. Бұл проблеманы қашанғы өзіміз шешіп жүре бермекпіз. Жыл сайын үйдің ішінде жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Жақында ғана үйдің ішін сырлап, әктедім. Енді көріп тұрғандарыңыздай еңбегімнің барлығы зая кетті.

Ал, Пермин көшесіндегі 149-үйдің маңайында жағдай еш өзгеріссіз қалуда. 2 күні бойы баспана иелері етікпен жүруге мәжбүр. Аркадий Светлаковтың бақшасында барлық көкөністер суда қалған. Тұрғын жайы да бір жаққа қисайып, құлаудың аз алдында тұр.

Аркадий Светлаков, Пермин көшесі, 149-үйдің тұрғыны.

-Жер төледе үнемі борсыған су тұрады. Таңертең ұйқыдан терлеп оянамын. Яғни денсаулығым нашарлауда. Мұндай жағдайда өмір сүру мүмкін емес.

Барлығы селден 17 баспана иесі жапа шеккен. Тұрғындар “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттары” МКК-інің мамандары өз қызметтерін тиісті деңгейде атқармайды деп отыр. Алайда 2-ші тарап, суды сыртқа ағызу жұмыстарын дер кезінде жүргіздік деп ақталуда.

Мирас Жакупов, Петропавл қаласы “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттары” МКК маманы.

 

-Сол түні біздің мекеменің сорғыш станциясына петропавлдықтардан 130 өтініш түсті. Біз жауын-шашынның салдарын жою үшін оларға 3 бірлік техника мен 5 мото-помпа жібердік. Алда мұндай жағдайлар қайталанбас үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз.

Метеорологтартардың мәліметінше, айлық жауын-шашынның нормасы 61 милиметр болса, сенбілік түні оның 46 милиметрі түсіпті.

Берик Касен.