Құқық қорғау органдары

Жыл басынан Петропавл теміржол вокзалы аумағында 30-ға тарта заңбұзушылық орын алған

Ербол Мұхамеджанов, Петропавл станциясы ішкі істер желілік бөлімі әкімшілік полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

 

-2015 жылы наурыздың сегізінде таңғы 3:15-те Мамлют станциясының маңынан “Петропавл-Қорған” бағытындағы жүк поездының өтуі барысында 1992 жылғы жігіт қатты жарақаттанып, көз жұмды. Азамат белгіленбеген жерден, мас күйінде өтпек болған. Негізінен темір жолдағы қайғылы оқиғалар – өз-өзіне қол жұмсаумен байланысты. Кейде рұқсат етілмеген жерден өту кезінде азаматтар жарақат алады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Петропавлдық тұрғындар да мұндай оқиғалар жол қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан туындайтынын айтады.

Өңірдің барлық темір жолдары 24 сағат бойы тәртіп сақшыларының бақылауында. Шойын жолдың белгіленбеген жерінен бірінші рет өткен адамға ескерту жасалады. Ал мұндай тәртіп бұзушылық қайталанса, оған 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалмақ. Бұл дененіміз – 5946 теңгеден қағыласыз.

Акбопе Танирберген.