Балалар

Жемқорлық – балалар көзімен

Серік Айдарбеков – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті бөлімінің бас маманы.

-Бүгінгі шара арқылы жастарға жемқорлық жайлы түсіндіргіміз келеді. Осы бастан балалар сыбайлас жемқорлықтың не екенін білсін.

Табиғат аясында өткен семинар-тренингте жемқорлыққа жол бермеу туралы айтылды. Өз кезегінде балғындар қонақтарға сұрақтарын қойды.

“Достық” сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп жатқандардың қатарында Зәуре Тукенова да бар. Ол осындай шаралардың өту барысы балалар үшін қызықты әрі біліміңді толықтыру үшін пайдалы дейді.

Зәуре Тукенова.

-Мен лагерьге келгеніміе 8 күн болды. Осындай шара бізде алғашқы рет өтуде. Балалар үшін өте пайдалы.

Жалпы, “Достық” лагері жазғы маусымда 1 мыңнан аса баланы қабылдайды екен. Қазір мұнда балғындардың үшінші тобы демалуда. Оқушылардың келесі легі алдағы аптада келеді.

 

 

Култанов Байболат.