Әр түрлі

Христиан діні өкілдері барша мұсылмандарды Ораза айтымен құттықтады

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының епископы.

-Барлық ислам дініне сенушілерді Ораза айтымен құттықтаймын. Қасиетті айда тілеген тілектеріңіз қабыл болсын.

Томаш Якубчак, «Святая Троица» рим-католиктік шіркеуінің басшысы.

-Бүгін – сіздерде үлкен мереке. Ораза айты құтты болсын! Татулығымыз тұрақты болып, достығымыз жараса берсін.

Кейін христиан дінбасылары Қызылжар орталық мешітінің бас имамына сый-сияпаттарын табыстады. Өз кезегінде Кенжетай қажы алғысын білдіріп, Ораза айы 30 күн көлемінде ауыз бекіткен жерлестерімізге оңай болмағандығын айтты.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы.

-Рамазан айы күннің ыстығына байланысты біздер үшін ауыр болды. Бірақ, Жаратқан Иеміз бізге сабырлық пен шыдамдылық берді. Сіздерге Ораза айты мерекесімен құттықтап келгендеріңізге мың алғыс.

Осыдан кейін қадірлі қонақтар мерекелік астан дәм татты. Дастархан басында дін өкілдері конфессияаралық татулық пен тұрақтылық жайында әңгімелесті.

 

 

Култанов Байболат.