Бизнес және экономика

Сырттан инвестиция көптеп тартылса, ел экономикасы да қарыштап дамиды

Соның дәлелі ретінде “Казтехмаш” машина жасау” зауытын алуға болады. Кәсіпорын басшылығы финдық компаниямен бірлесіп шілденің 6-сы конвейерден алғашқы комбайнды шығарған болатын. Жерлестеріміз мұнымен тоқтамақ емес, алда Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын негізге алып, шетелдік ірі компанияларды тарту жұмыстарын жандандыра түспек.

Арсен Насырханов, СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

-Жұмысымызды ұлт жоспарына сәйкестендіріп жасап жатырмыз. Ол бойынша
сырттан жай ғана инвестиция тарту көздемей, елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыруға тиістіміз.

Ұлт жоспарындағы 50-ші қадамда инновацияларды енгізе отырып, өңірлерде электр энергиясын таратудың шығынын төмендету жайлы айтылған. Осы бағыт бойынша қазір теріскейге бизнесмендер тартылуда. Келешекте Петропавл көшелерінде диодты жарық беретін заманауи шамдар орнатылып, аудандарда жел генераторларын іске қосу жоспарланып отыр.

Арсен Насырханов, СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

-Болашақта Қытайлық ТиБиСи компаниясы Есіл ауданында жел генераторын орнатпақшы. Қазір аталмыш компанияның эксперттері Есіл ауданында жобалық сметалық құжатын әзірлеу үстінде. Оған қоса біз 10 тарнсұлттық комнапияларды тарту қадамы бойынша қазірден Ресейлік ЭФК комнаиясымен жэұмыс жасап жатырмыз. Осылайша, бірлесіп мұнай және май өнімдері кластері құруды жоспарлдаудамыз.

Осы күні СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығында 15 жоба қарастырылу үстінде. Идеялардың өміршең боларына көз жеткізілсе, өңірімізде жаңа өндіріс орындары құрылуы мүмкін.

 

 

Берик Касен.