МТРА жаңалықтары

Селфиге түсу сәнге айналып бара жатыр

Ал, ғаламтор қолданушысының суреттері жора-жолдастарының көңілінен шыққан жағдайда, олар “лайк” басып, осылайша, суретие иесі дауыс жинайды.
Бүгінде “селфи” жасап, өзінің күнделікті өмірін әлеуметтік желідегі таныстарымен бөлісу әдетке айналған. Психологтар мұндай тәуелділікті психологиялық ауытқушылыққа балап отыр.

Павел Моисеев – Облыстық психоневрологиялық диспансердің психологы.

-Жақында шетелдік ғалымдар селфиге құмарлық психологиялық ауытқушылық екендігін анықтады. Психиатрлардың пікірінше, адамдар селфиге өзін жеткілікті деңгейде бағалай алмағандықтан осындай қадамға барады деп пайымдауда. Біздің елімізде де селфилетіп жатқан жастар баршылық. Әлеуметтік желіге жеке суретін енгізуге көбіне оқушылар, студенттер мен 30-жасқа дейінгі ерлер мен қыз-келіншектер құмар.

Ғалымдар “селфиге” суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге жүктеуді 3 топқа бөлген. Алғашқылары түскен суретін қалауы бойынша жеке парақшасына енгізсе, екіншілері суреттерді әлеуметтік желіге үнемі жүктейтіндер қатарына жатады. Ал соңғысы – селфиге тәуелді қолданушылар. Бірақ, бұл әрекетпен шектелсе болар еді. Өкініштісі сол, мұндай адамдар суретке түсу мақсатында өздерінің өмірлерін қатерге тігеді.

Павел Моисеев – Облыстық психоневрологиялық диспансердің психологы.

-Жастардың көбі жұртты таңқалдыру үшін мұнара немесе таудың шыңы болсын, әйтеуір бір биікке шығып алып әдемі сурет түсіруге асығады. Бұл, шын мәнісінде адам өміріне өте қауіпті.

Осы орайда біз жерлестеріміздің пкірін тыңдап көрудің жөн көрдік. “Селфиге” түсуге олар қалай қарайды екен?

-Өз басым селфиге түсуге әуес емеспін. Одан да бос уақытыңда пайдалы іспен айналысқан жөн деймін.

-Селфиге түсетін достарым жетерлік. Өзім әлеуметтік желідегі парақшама суретті сирек салатындардың қатарынанмын.

Психологтар ата-аналарға балаларының әлеуметтік желілерде қанша уақыт отыратынына көңіл бөліп, қадағалау қажет дейді.
Ал жастардың селфиге түсу-түспеуі – өз еркінде. Тек экстрималды жағдай барысында абайсыздықтың арты неге апарып соғатынын естен шығармау қажет.

 

 

Бакыт Садуакасов.