Құқық қорғау органдары

Жол қозғалысы туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Болат Жексембинов, СҚО ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөілімінің бастығы

– Заң нормаларына сәйкес, көлікті иесінен уақытша пайдалануға алған 2-ші тұлғадан біз жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық паспортын сұратамыз. Аталған құжаттарды жүргізуші үнемі жолда өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Сондай-ақ, шілденің 13-інен жаңа автомобильді міндетті техникалық тексеруден өткізудің мерзімі 4-тен 7 жылға ұзартылды. Оған қоса тыйым салынбаған жерлердің бәрінде жүргізушілерге көліктерін қоюға рұқсат берілді. Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген бұл өзгертулер жүргізушілерді қуантпай қоймады.

Вадим Акчурин

– Қаламызда арнайы көлік тұрақтары аз. Өзгеріске ризамын. Енді тыйым салынбаған жерлерге көлікті қоя алатын болдым. Осыған дейін жұмыс пен көлік тұрағының арасында біраз уақытымды жоғалтатынмын. Енді қала ішінде көліктің жарығын қоспай жүруге рұқсат берсе, тіпті жақсы болар еді.

Динара Рамазанова

– Бұрынғыдай тұрақ іздеп жүрмей, көлікті ыңғайлы жерге қоятын болдық. 2-ші тұлғаға көлікті сенім хатсыз беру деген де дұрыс. Ол үшін біраз уақыт кетеді, қаншама қағаз жинау керек.

Бұл өзгерістердің барлығы шілденің 13-інен заңды күшіне енді.

 

Берик Касен.