Денсаулық сақтау

Жаз айларында 100-ге жуық бала жарақат алып, ауруханаға түскен

Степан Тригубчинканың – емделуші

– Мен терезеге бойым жетпегесін орындыққа мініп қарағым келді. Сол кезде аяғым тайып жерге құладым. Енді емделіп жатырмын. Алдағы уақытта байқап жүремін.

Жалпы жыл басталғалы 600-ден аса бала облыстық балалар ауруханасында емделіп шығыпты. Олардың 100-ге жуығы дәрігерлердің көмегіне жаз айларында жүгінген. Қазірдің өзінде мұнда 27 сырқат емделуде. Күніне кем дегенде 4, кейде одан да көп жеткіншек ауруханаға түседі екен.

Асылхан Жағыпаров – Облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортомед дәрігері

– Балалардың жарақат алу жаз айларында артады. Олар ойнап жүріп жарақат алады. Сондықтан сақтанған дұрыс.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл балалардың жарақат алу фактілері артқан. Өткен жылы 1111 бала ем қабылдаса, биылғы алты айдың өзінде 600-ден аса бала дәрігер қабылдауына келген.

 

 

Култанов Байболат.