Ауыл шаруашылығы

Заманауи техника – мол өнімнің кепілі

Ал 350 гектарға дәнді-дақылдар себіліпті. Осы қыруар іске мекеменің 12 жұмысшысы жауапты. Техникалары жеткілікті, әрі су жаңа. Осы ретте мемлекеттік бағдарламалар ісімді оң жолға қоюға үлкен көмек берді, – деп отыр шаруашылық меңгерушісі Алексей Мельничук.

Алексей Мельничук – “Мельничук и К” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы

– Әр жылда жинап алатын өнімнің көлемі әр түрлі. Мысалы, былтыр күз мезгіліндегі жаңбырлы ауа райы өнімнің сапасына біраз әсер етті. Дегенмен де қиындықтарға қарамастан, бәрін уақытында жинап алдық. Орташа алсақ, 1 гектар картоп алқабынан 250 центнердей өнім аламыз. Сәбізді осы жылы алғаш рет отырғыздық. Ал қарақұмықтың 1 гектары шамамен 12-ден 17-і центнерге дейін өнім бере алады. Бұған мүмкіндігі жоғары техниканың арқасында қол жеткізіп отырмыз.

“Еңбек етсең емерсің” дегендей, қожалық көктемгі дала жұмыстарын талапқа сай жүргізген. Қазір шілденің бел ортасында серіктестіктің көктемде еккен көкөністері жайқалып тұр. Бұл жерде гүлдеп тұрған картоп пен қарақұмықты да, сымдай тартылған сәбіз түптерін де кезіктіресің. Соңғысы жақын арада облыс орталығында ұйымдастырылатын сенбілік жәрмеңкелерде саудаланады. Ал картоп пен қарақұмықты тамыз айының соңына таман жинастыру жоспарланған. Әзірге, іскер жерлесіміздің облыс орталығында жеке дүңгіршегі жоқ. Дей тұрғанмен, жеке дүкен ашудың ауылы да алыс емес.

Алексей Мельничук – “Мельничук и К” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы

– Сондай-ақ, қарақұмық өңдейтін цехымызды құру жоспарда бар. Өйткені шикізат бар бірақ, оны барлық үрдістен өткізіп дүкен сөрелеріне жеткізетін өнім болмай тұр. Облысты қарақұмықпен қамтитын зауыт ашсақ, жақсы болар еді.

Қазірде жеке кәсіп иесі өнімді сақтайтын қойманы қайта жаңғыртудан өткізіп жатыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.