Құқық қорғау органдары

Ұлт жоспарын негізге ала отырып, сот жүйесін жетілдіру

Сондай-ақ, Елбасы жариялаған 100 қадам жобасында да сот жүйесінің сатыларын оңтайландыру қарастырылған. Жергілікті судья Александр Зенковский ке­ңестік кезеңнен сақталған бұл жүйе бүгінгі күннің талабымен үйлеспейді дейді. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесін жедел әрі сапалы қорғауға өзінің кері әсерін тигізуде. Сондықтан қолданыстағы 5 сатылы сот жүйесін үш сатылына оңтайландыру маңызды дейді.

Александр Зенковский, СҚО сотының судьясы

– Үш сатылы сот жүйесі-ха­лық­аралық тәжірибеде бар үрдіс. Сот ше­ші­мінің бірнеше рет өзгеріп, күшін жоюы – республика атынан шешім қабылдайтын соттардың беделіне нұқсан келтіретін факторлардың бірі. Себебі, апелляциялық және кас­са­циялық сатылардың бір облыстық сотта шоғырлануы сот істерін қарауды созып, шешім қа­был­даудың күрделенуіне негіз болуда.

Заңды жетелдірумен қатар, кадрлардың біліктілігіне де баса мән берген жөн. Ұлт жоспарында ұсынылғандай, судьялыққа 30 жастан асқан үміткерлер ғана алыну керек. Олар прокуратурада қызмет екен, соттың хатшысы міндетін атқарған тұлғалардың және адвокаттардың қатарынан таңдалады. Еңбек өтілдері 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Наталья Шалаева, СҚО сотының судьясы

 

– Сондай-ақ, қазір судьяларға талап күшейтілуде. Келешекте оларға арналған жаңа этикалық кодекс әзірленеді. Және болашақта 2 комиссия құру ұсынылуда. Оның бірі 5 жылда 1 рет судьяның кәсіби біліктілігін тексерсе, екіншісі, тұрғындардың шағымы бойынша сот қызметкерінің жұмысына баға береді.

Ел заңдарын жетілдіру мақсатында келер жылы жаңартылған азаматтық және азаматтық-процесуалдық кодекстер шығады деп күтілуде.

Берик Касен.