Құқық қорғау органдары

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік қатаң бақылауда

Бақыт Темірбеков – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының аға сержанты

– Алакөл көліне таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін кезекшілік жасаймыз. Мұндағы әр адамды бейнебақылау камерасының көмегімен бақылай аламыз.

Демалыс күндері тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарады. Өйткені, бұл уақытта ащы судан ұрттап, қоғамдық тәртіпті бұзатын жерлестеріміздің қатары артады. Мысалға, жыл басынан облыс орталығындағы қоғамдық орындарда ішімдік ішу мен мас күйінде жүрудің 3 000 фактісі анықталды. Қоғамдық орындарда темекі шеккендерге қатысты 1397 хаттама толтырылды. Оған қоса ұсақ бұзақылық үшін 524 тұлға жауапқа тартылыпты.

– Центр, 390! На озере Пестром – норма!

Қала жағажайларын патрульдеу шомылу маусымы аяқталғанша жүргізілмек.

Бақыт Сәдуақасов.