Бизнес және экономика

Қиялыда сүт қабылдайтын пункт жұмыс істейцді

Елена Заугкурская – ауыл тұрғыны

– Мен екі жылдан бері сүт өткізіп келемін. Әрине, күн сайын болмаса да, күнара тапсыруға тырысамын. Ауылда тұрғандықтан, мал шаруашылығымен айналысамыз. Сүттен түсетін пайда жақсы. Сатудан қалған ақтан қаймақ, май былғаймыз. Үйдегі балалардың ішіп жеуіне жетеді.

Ауылда сүт сатып, күнелтіп отырған отбасылардың тағы бірі Давыденколар жанұясы. Анатолий үш сиырдан күніне 60 литрға жақын өнім сауып аламыз дейді. Қалғанын бұзауларына береді. Бұл ауыл тұрғыны үшін тиімді сауда болып отыр.

Анатолий Давыденко – ауыл тұрғыны

– Ауылда осындай сүт қабылдайтын орын ашылып жақсы болды. Сүт сатып, пайда қылған ақшаға азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек аламыз. Ақысы әр 10 күннің ішінде төленеді.

Өз ісін биыл ғана бастаған “Салют” ЖШС күніне 2 тоннаға жуық өнім сатып алады. Олар барлығы 4 округтан алты ауылдың тұрғындарымен келісімге келген. Кәсіпорында қазіргі күні 4 адам қызмет етеді – барлығы Қиялының тұрғындары. Жұмысшылардың ай сайынғы жалақылары 70 мың теңгеден айналады.

Таиса Загребельная – “Салют” ЖШС сүт дайындау лобаранты

– Біздегі сүттің сапасы жақсы. Ешқандай қоспасыз жоқ. Сүттің майлылығы 4,5-ті көрсетіп отыр. Ауылда бұрындары жұмыс болмайтын, енді міне екі қолға бір күрек табылды. Жалақы да көңілден шығады.

Өндіріс ошағы ашылысымен, кәсіпорын иесі 6 млн. теңгеге заманауи құрылғылар сатып алыпты. Соның арқасында жұмыс қарқынды жүреді. Сүзіліп, тексерілген өнім Бескөлдегі “МолСервиз” кәсіпорнына және Ленин округындағы “Ростан” ЖШС жеткізіледі.

Андрей Бутко – “Салют” ЖШС директоры

– Осы сүт қабылдау пунктын ашуды ұзақ уақыт бойы ойластырып, жоспарладық. Түрлі себептермен ісімізді шегере бердік. Қазір тасымыз өрге домалып отыр. Жаңа қондырғылардың көмегі көптеп тиуде. Сүтті 50 теңгеден алсақ, 68 теңгеден сатамыз. Менің ойымша бұл тиімді баға.

Жалпы Қиялы ауылының тұрғындары 818 бас ірі қара мал ұстайды. Соның 315 сауылатын төрт түлік. Мал басын арттыру мақсатында елді-мекенге биыл “сыбаға” бағдарламасымен 3 бұқа алынған. Кәсіпорын иесінің алдағы жоспары – осы жерде сүт өнімдерін дайындайтын ірі кәсіпорын ашу.

Байболат  Култанов.