Без категории

Петропавлға ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің көшпелі көрмесі келді

Бұл екі жақты бірлесіп жасалған 5-ші көрме. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова солтүстікқазақстандықтарды көрменің ашылуымен құттықтап, Астанадағы Президент Музейінің директорын өңір басшысының алғыс хатымен марапаттады.

ҚР Тұңғыш Президент Музейінің қорын сақтаушы Алма Сағынғали солтүстікқазақстандық әріптестеріне алғысын айтып, екі жақты қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетінін жеткізді.

Алма Сағынғали – ҚР Тұңғыш Президент Музейінің директоры

– Ашылып жатқан көрмеміз арқылы еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, бірегей институтымыздың тарихын көрсеткіміз келді. Осы петропавлдық әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Екі музей арасында бірлік, достық, серіктестік қатынастар орнатылған. Алдағы уақытта да осындай татулықпен жұмыс жасаймыз деген ойламын.

Осыдан кейін жиынға қатысушылар Елордадан арнайы жеткізілген жәдігерлермен танысып, көрмені аралап шықты.

Бұл көрменің мазмұнын ҚР Тұңғыш Президент Музейі қорындағы бірегей материалдар жинағы ашады. Мұнда Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттары, шетел мелекеттерінің басшылары мен үкіметтері берген сыйлықтар бар. Сонымен қатар, жас мемлекеттің дамуы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған Елбасының қызметін, бастамаларын көрсететін фотосуреттер және мұрағат құжаттары көрсетілген.
Қазақстанның Бас қаласынан Петропавлға жалпы саны 111 құнды жәдігер әкелінді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл көрмені солтүстікқазақстандықтар бірінші болып тамашалады.

Рашид Надиров – “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы

– Біз бүгін өте қуаныштымыз. Президентіміздің музейін өзімізде қабылдап, Елбасымыздың жеке заттар, шетелдік кәдесыйлары, фотосуреттерін көрдік. Өте жақсы, тамаша. Осы көрмені біздің жастарымыз көру керек. Келіп қарасын.

Айта кету керек, бұл көшпелі көрме Петропавлда қыркүйектің 20-на дейін аялдайды. Кейін еліміздің тәуелсіздігінен сыр шертетін жәдігерлер көрші Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жол тартады.

Айгерим Ержанова.