Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан бейне камералардың көмегімен 5 мың 300 құқықбұзушылық анықталды

Алексей Орлов – Петропавл қаласы ІІБ жедел басқару орталығының басшысы

– Қала бойынша 74 камера жұмыс істеп тұр. Оның 16-сы қала көшелерінің қиылысына қойылған. Бұл құрылғылардың көмегімен инспекторлар жолда жүру ережелерін бұзған азаматтарды анықтайды.

Дәл осы камералар жыл басынан жол ережесін бұзған 4666 фактіні анықтап, дәлелдеуге сеп болған. Барлығы 5300 құқық бұзушылық тіркелген.

Алексей Орлов – Петропавл қаласы ІІБ жедел басқарма орталығының басшысы

– Күн сайын 30-ға жуық құқық бұзушылық анықталады. Оның 23-ке жуығы жолда жүру ережелерінің өрескел заң бұзушылық. Жыл басынан бейнебақылаудың арқасында қала көшелері мен қоғамдық орындарда орын алған 75 қылмыс та ашылған.

Бұл камералардан түскен ақпарат қатты дискке жазылып, орталықта ұзақ уақыт бойы сақталады. Сонымен қатар, бейнежазбаларды сотта дәлел ретінде пайдалануға болады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Кодексіне осыған байланысты өзгертулер енгізілген.

 

Айгерим Ержанова.