ТКШ

Елімізде коммуналдық төлемнің жаңа түрі пайда болады

Татьяна Хрипунова – “Мира, 290” ПИК төрайымы

– Қазір біздің үйдің шатырында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оған, әрине қомақты қаражат керек. Тұрғындар жиналып мемлекеттен 15 жылға несие алдық. Ай сайын әр отбасы шамамен 2-3 мың теңгеден төлейді. Енді жинақтаушы қорға да ақша салу қажет. Сондықтан, бұл біздің үйдің тұрғындарына сәл қиынға түседі. Бірақ,
аталған жаңашылдық дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені, қорда жиналған қаржыға кез-келген уақытта жөндеу жұмыстарын бастауға болады.

Тұрғындар үстіміздегі жылдың тамыз айынан шот ашып, ортақ қорға ақша жинай бастайды. Бұл өзгеріске қала тұрғындарының өз пікірі бар.

– Менің ойымша, тиісті соманы тұрғындардың барлығы бірдей тапсырып отырса жақсы болар еді. Мысалы, шатырды жөндеуге қажет ақшаны әр есікті қағып сұрағанша, ортақ шоттан алған дұрыс, әрі жылдам.

– Негізі, бұл – дұрыс шешім. Бірақ, аталған қорға ақша салуды кез келген зейнеткердің қалтасы көтермейді.

3 айда бір рет ПИК төрағалары ақшаның қалай жұмсалғаны туралы тұрғындар алдында есеп беруге міндетті. Ал егер күмән тудыратындай жағдай болса, пәтер иелері тұрғын үй инспекциясының көмегіне жүгініп, прокурорлық тексеріс ұйымдастыруды өтінуге құқылары бар.

 

Айгерим Ержанова