Жомарт Қажырақымов, “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры

– Теңгенің долларға қарағандағы бағасы қалыпты болады ғой деп ойлаймыз. Екінінші жағынан бұл саясат инвляциялық күтулердің төмендеуіне, ұлттық экономиканың сыртқы бәсекелестікке төтеп беруіне және кредиттік белсенділіктің өсуіне септігін тигізеді.

Өңіріміздің бас қаржыгері теңге дәлізіндегі өзгерістер несиесін АҚШ валютасымен рәсімдеген тұлғаларға айтарлықтай кері әсерін тигізбейді дейді. Өйткені, теңге делізі тек 5 пайызға кеңейген. Валюта қоры да жеткілікті. Осы күні өңірдегі 2-ші деңгейлі банктерде жалпы сомасы 10 млн. АҚШ доллары бар. Аталмыш қаражат жерлестерімізді валютамен қамтамасыз етуге жетеді.

Жомарт Қажырақымов, “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры

– Өткен 6 айдағы статистика көрсетіп отырғандай долларға деген үлкен сұраныс жоқ. Биыл 6 айдың ішінде 141 млн. долларды банктер мен жеке валюта айырбастау пунктері халыққа сатқан болатын. Бұл көрсеткіш 5 процентке өсті. Ондай ауытқушылық болып тұрады.

Елдегі валюта саясаты екінші жартыжылдықта өзгермейді. Қаржыгерлердің ойынша, валюталық дәліз бүгінгі таңда оңтайлы деңгейде.

Берик Касен.