Балалар

“Қазақтелеком” АҚ-ның жас мамандарымен кездесу өтті

Абылайхан Қайроллав – «СҚО Жастар маслихаты» ЖҚҰ төрағасының орынбасары

– Бұл жобаның басты мақсаты – университет және колледж бітірген түлектерді стажировкадан өткізіп, жұмысқа қабылдау.

СҚО «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Азамат Шаймерденов “Қазақтелеком” АҚ-ның жас мамандарына “Жастар кадрлық резерві” бағдарламасы жайлы да ақпарат берді.

Азамат Шаймерденов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы

– Бүгін біз Нұр Отан партиясының 3 жобасын талқылаймыз. Солардың бірі – жастар кадрлық резерві. Жоба оқу орындарын бітірген жас мамандар арасынан басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, даярлау және тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, ел үшін аянбай еңбек етуге даяр Қазақстанның жастары арасынан кадрлық резервті қалыптастыруға септеседі. Жастар арасындағы проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында кездесуді диалог түрінде өткіземіз.

Сонымен қатар, кездесуді ұйымдастырушы жастар Қазақтелеком кәсіпорнының қызметкерлерін облыс орталығында өтетін іс-шараларға белсенді ат салысуға шақырды.

 

Айгерим Ержанова.