Мәдениет

Өңірде тарихтан сыр шертер ескерткіштер молынан

Уәлихан Құлбаев – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайдың директоры

– Қоныста қонақ үй, мектеп, мешіт, диірмен, монша салынған.

Жалпы, қоныстың аумағында барлығы 7 нысан салынған. Тарихтан мол сыр шертетін мекенде қазақтың тұңғыш ғалымы – Шоқан Уәлихановтың балалық пен жастық шағы өтіпті.

Уәлихан Құлбаев – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайдың директоры

– Тарих бойынша қонысты алғаш рет Кенесары ханның қарындасы Бопай күйдірген. Кейін коммунистер келіп мұны толығымен жағып жерді.

Биыл бұл жерде этноауыл құрылыпты. Мұражай қызметкерлері тамыз айында Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы мен Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтуді жоспарлауда.
Бұл – қазақтың ғалымы атындағы мұражай. Мұнда Уәлихановтар отбасы жайлы көптеген құнды жәдігерлер жайғастырылған. Шоқанның ғылыми еңбектері: қолжазбалары, кітаптары мен құжаттары, “Қашқарияға барған сапарының картасы” бөлек стендті алады.

Нұргүл Құлбаева – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайдың қызметкері


– Мұражайдың 4 залы бар. Алғашқы үшеуі толығымен Шоқан Уәлихановқа арналған.

30 жыл бұрын Сырымбет қонысы республикалық маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіштердің қатарына қосылған. Бұл тізімге тағы бір нысан – Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені кіреді. Бұл ескерткіш Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батырлардың құрметіне орнатылған. Қос жауынгер де Құлшынбай төбе деп аталатын шоқыда жерленген.

Людмила Сорокотяга – СҚО мәдениет және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы

–  Кешен 1999 жылы тұрғызылды. Онда бір-біріне қосылған 16 метрлік екі күмбез бар. Ескерткіштің расында да тарихи маңызы зор. Өйткені, бұл нысан қос батыр жерленген жерге жақын орналасқан.

Жалпы, мемориалдық кешенді тамашалауға жылына әлемнің әр шетінен жүздеген туристер келеді екен.

 

 

Риат Шони.