Спорт

Футболдан қалалық чемпионатқа іріктеу кезеңі басталды

Ринат Аминов – жарыстың бас төрешісі

– Жалпы чемпионатта бүгін 12 команда бақ сынасады. Ендігі кезекте, жарыс дәстүрлі түрде өтетін болады. Мұнда 10 мен 15 жас аралығындағы балалар қатысуда. Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Дәл қазір ақтық сынға жолдама алу үшін “Балдырған” мен “Қайсар” командалары күш сынасуда. Айта кету қажет, бұл кездесудің фавориті қызыл жейде киген балдырғандық ойыншылар. Олар жасыл алаңда өз басымдықтарын көрсетуде. Көп ұзамай қарсыластың қақпасына алғашқы голды да соқты. Қайсарлық ойыншылар бұған тез жауап берді. Алайда фавориттің аты фаворит. Ойынның екінші жартысында қызыл жейдедегі аяқдоп шеберлері 3 бірдей жауапсыз гол соқты. Қорытынды есеп 4-1, “Балдырған” командасының пайдасына шешілді.

Нұрбек Айтулинов – “Балдырған” командасының шабуылшысы

– Біз жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ біз жеңуге келдік.

Жалпы 12 команданың ішіндегі үздік үштігі қалалық чемпионатқа жолдама алады.

 

 

Риат Шони.