ТЖ

Елордалық сарапшылар “Пицца хаус” дәмханасындағы өрттің шығу себебін анқытау үстінде

Николай Белоусов, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бөлім бастығының орынбасары

– Комиссия мүшелері жауынгердлік жарғыға сүйеніп, куәгерлерден, өрт сөндірушілерден жауап алды. Олар өрт сөндірушілердің іс-қимылынан ешқандай қателік таппады. Сол ауданда 200-400 метрлік жерде 3 гидрант бар. Алайда барлығы да жарамсыз болып шықты. Бұл жұмысымызды тежеген бірінші фактор. Екіншіден, Ульянов көшесі, 44 мекенжайындағы тұрғын үйдің алдында көліктер көп болды.
Ол автосатыны үйге жақынырақ орнатуға біраз кедергісін келтірді.

Соңғы рет мамандар қаладағы гидранттарды жоспарлы түрде 2013 жылы тексерген. Сонда қаладағы 290 құрылғының 144-інің істен шыққанын анықтапты.

Николай Белоусов, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бөлім бастығының орынбасары

– Дәмхананың шатыры тез тұтанғыш андулин материалымен қапталған. Оған қоса, Ульянов көшесі, 44 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырына қалыңдығы 15 см-лік битум құйылыпты. Ол балқып, қою қара түтін содан шықты. Жалпы бұл өрттен дәмхана мен тұрғын үйді қоса алғанда 1 672 шаршы метр аумаққа зақым келді. Қазір өрттен келген шығын есептеліп жатыр.

“Пицца хаус” дәмханасындағы өрттің шығу себебі тамыз айында нақты белгілі болады. Қазір елордалық мамандар сараптама жұмыстарын жалғастыруда.

 

Берик Касен.