Мәдениет

Тәуелсіздік Стелласы алаңында мерекелі шаралар өткізілді

Наталья Апретова – ұйымдастырушы

– Менің ойымша фестиваль жұртшылықтың көңілінен шықты. Бұндай шараның арқасында, тұрғындар шардан түрлі образдар жасауға болатынын біле алды. Мына фигураларды әзірлеу үшін шеберлер 7000-нан астам шарды қолданды.

Петропавлды туған күнімен құттықтауға Қызылжар ауданының шығармашылық ұжымдары да келген. Олар қалалықтарға әннен шашу шашып, би биледі.

Сонымен қатар, тұрғындар Иван Шухов атындағы кітапхана ұйымдастырған ашық аспан астындағы көрмені тамашалады. Бұл жерде Петропавл қаласының тарихы жөнінде сыр шертетін кітаптар, газеттер мен журналдар жайғасқан.

Наталья Шалавина – И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың директоры

– Біздің көрме барысында қалалықтар Петропавл жайында түрлі мағлұматтармен таныса алады. Жерлестеріміз бен қонақтар үшін бұл шараның маңыздылығы орасан зор. Себебі, біздің ойындар мен көрменің арқасында жиылған жұртшылық қаламыздың көшелері, ескерткіштері мен танымал ғимараттарын біле алады.

Бұл күнге орай, кітапхана қызметкерлері тұрғындарға логикалық ойындарды да әзірлеген. Валентина Кондратенко фото-квестті таңдады. Оның айтуынша, ол қаламызды жақсы тануға септігін тигізеді.

Валентина Кондратенко – қала тұрғыны

– Менің ойымша, квест ойынына қатысу үшін, қаламызды жақсы тану керек. Бұл ойында қаламыз туралы фото суреттер көп болды. Жалпы, өзіме ұнады.

Сонымен қатар, мереке күнінде “дог-шоу” фестивалі өтті. Бұл шараға 30-ға жуық төрт аяқты адамның досы қатысты. Байқауға 11 төбеттің иесі Анна Бижкова да келген. Бүгінгі жарысқа ол Никита есімді тибеттік мастивтік төрт аяқтысын салуда.

Анна Бижкова – “дог-шоу” шарасының қатысушысы

– Никита – қорғаушы ит. Ол өзінің қожайыны үшін жанын да береді. Бірақ оларды бағып-қағу өте қиын. Өзі қызу қанды, әрі ыстыққа шыдамсыз. Қазақстан бойынша тибеттік мастив 5-еу ғана. Соның бірі менің Никитам.

Тәуелсіздің стелласында қала күнін мерекелеуге жиылған жұрт игі тілектерін жолдады.

– Қаламыз жасай берсін. Өркендеп 300 жылға келсін.

– Қаламыз жыл сайын жарқырап өсе берсін.

– Қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Петропавл гүлдене берсін.

 

Сагыныш Маркашева.