Спорт

Республикалық веложарыс мәресіне жетті

Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі

– Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Өкініштісі, біз үміт артқан жергілікті велошабандоздар алдыңғы қатардан көріне қоймады. Әр өңірден келген қатысушылардың дайындығы мықты. Сайысқа келетін болсақ, бәсекеге толы, әділ өтті.

Қорытындысы бойынша жеке бақталастықта талдықорғандық Игорь Чан қоладан алқа тағынды. Ал, Астана-1 командасының велошабандоздары Иван Зайцев пен Иоган Штейн 1-2-ші орындарға қол жеткізді. Айта кету керек, бұл сында Елордамыздан келген құраманың дайындығы ерекше көзге түсіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Иоган Штейн, велошабандоз, Астана қаласы

– Біздің командамыз өте жақсы нәтиже көрсетті. Бірігіп сайыстың алғашқы кезеңінде 70 км қашықтықты бірінші болып бағындырдық. Жалпы есепте де алдыңғы қатардан көріне білдік. Сол себептен де үш бірдей медаль тағынып отырмыз. Басты қарсыласымыз талдықорғандықтар болды. Оларды басып озуды бізге бапкеріміз алдын ала тапсырған болатын.

Сөйтіп, жалпы командалық есепте Астана құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. талдықорғандықтар екінші орынға табан тіреп, Алматы облысының велоклубы үздік үштікті қанағат тұтты.

Акбопе Танирберген.