Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК өз алаңында астаналық Бәйтеректің күл-талқанын шығарды

Қонақтар есепті теңестіргілері келгенімен қызылжарлық қорғаушылар сауатты ойын өрнегін көрсетуде. Осы қарқында алғашқы тайм да өз аяғына жетті.

– Қызылжарлықтар жеңіске жетеді. Мен оларға сенемін.

– Қызылжарлықтар екінші таймда тағы гол соғады. Олар бүгін жеңіске жетуі тиіс.

Екінші таймды елордалықтар жақсы толқынмен бастады. Бапкердің үзілісте берген кеңестерін пайдаланып, жақсы шабуыл ұйымдастыруда. Сөйтіп, кездесудің 49-шы минутында қорғаушылардың қателігін пайдаланған Игорь Попадинец өзінің бұрынғы клубына гол соғып, есепті теңестірді
Гол жіберіп, есеңгіреп қалған жерлестеріміз бірден шабуылға аттанды. Сауатты қорғанған бәтеректік ойыншылар қызылжарлықтардың қысымына төтеп беруде. Алйада 61-ші минутта айып алаңының ішінде ойын тәртібі бұзылып, төреші 11 метрлікті нұсқады. Пенальти.

Сөйтіп, сенегалдық легионер Эльхаджи Ндойе есепті 2-1 қылды. Екінші таймда қуаттана түскен жерлестеріміз қонақтардың қақпасына тағы бір гол дарытты. Бұл жолы 70-ші минутта шабуылшы Давити Чагелешвили сауатты ойнап, ерекшелене түсті.
Көп ұзамай таблодағы есеп тағы өзгерді. Бұл жолы да жерлестеріміздің пайдасына. Кездесудің 72-ші минутында “Бәйтерек” командасының қорғаушысы Рүстем Абдразаков пен қақпашы Абылайхан Дүйсен арасында түсініспестік туындап, автогол соғылды.

Қонақтар ойынның соңына дейін тағы бір гол соққылары келгенімен, оларынан түк шықпады. Осы қарқында кездесу өз аяғына жетті. Есеп 4-1, “Қызыл-Жар СК”-ның пайдасына шешілді.

Максим Жалмағамбетов – “Қызыл-Жар СК” ФК қорғаушысы

– Ойын қиын болды. Астаналық команда соңғы орында келе жатса да, мықты құрама. Менің ойымша, олар жоғарғы орындарға лайық. Қазір бапкерлері ауысты, бірнеше ойыншылармен толықты. Енді жақсы ойнап, кестеде көтеріледі деген ойдамын.

Кездесу аяқталғаннан соң жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Қос команданың бапкері ойын жайлы өз ойларымен бөлісіп, барлық сұрақтарға жауап берді.

Владимир Фомичев – “Қызыл-Жар СК” ФК бас бапкері

– Өткен жолы сырт алаңда “Мақтааралға” ұтылып қалдық. Онда 40 градус ыстықта ойнадық. Оңтүстікте жеңіліс тапсақ та үйде қарсыласымызды ұттық. Турнирлік кестеде қайта көш бастадық. Мачта қателіктер көп болды. Олардың орнын енді толтырамыз.

Игорь Свечников – “Бәйтерек” ФК бас бапкері
–  Сіздердің командаларыңыздың деңгейі жоғары. Өздеріңіз көріп тұрғандай үйде өтетін әр кездесуін жеңіспен аяқтайды. “Қызыл-Жар СК”-ның алдына басшылық үлкен талаптар қойған. Ойыншылар оны жақсы орындауда. Команда Премьер-лигада өнер көрсетуге тас-түйін дайын деп ойлаймын.

Қарасай стадионындағы келесі ойын 9-шы тамыз күні өтеді. Онда теріскейлік команда алматылық ЦСКА-ны қабылдайды.

 

 

Риат Шони.