МТРА жаңалықтары

Петропавлға әулие Пантелеимонның сүйегі әкелінді

Сергий Первушин әкей – Вознисен кафедралық шіркеуінің хатшысы

– Христиан дінінің ең жоғарғы басшысы Александрдың ұйымдастыруымен әулие Пантелеимонның сүйегін әкеліп отырмыз. Белгілі қолдаушы тарихта сарбаздардың жебеушісі, әрі дәрігер, емші болды деген деректер қалған. Шіркеуге қала тұрғындары келіп әулиенін сүйегіне сыйынуда. Оның топырағы денсаулыққа шипа болады, әрі туған-туыстарының амандығын үшін ниет етуге жарайды.

Қасиетті әулие ПантелеИмонның сүйегіне бас иіп табынуға келгендердің қатары қалың. Олар дұғаға қосылып, ниет етті. Шіркеуге келген тұрғындардың қатарында Софья Матвеева да бар. 2 топтағы мүгедек әулиеден медет сұрауға арнайы келген.

Софья Матвеева – шіркеуге келуші

– Осыдан 40 жыл бұрын жол апатына түсіп, мүгедек атандым. Соншалық апыртпалықтан кейін, осы күнге жеткенім дінге құлшылық еткеннен деп білем. Бүгін денсаулығым үшін дұға еттім. Қабыл болады деп сенемін.

Әулиенің сүйегі Петропавлда 2 күн аялдағаннан кейін, қайта Алматыға жөнелтілді.

 

Култанов Байболат.