Мәдениет

Петропавлдың туған күнін қалалықтар Солтүстік жұлдызы паркінде де атап өтті

Дмитрий Перемыкин – “Ну погоди” тобының мүшесі

–  Біздің машина “Ну погоди” мультфильміне қарап жасалған. Бірінші материалдар жинап, бөлшектерін жасадық. Ал кейін барлығын біріктіріп, құрдық. Бұл көлікті 4 адам 3 күнде жасады. Жарыс туралы біз ғаламтордан естіді. Уақытымыз болғанына қарамастан, қатысатын болды. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Тарантастар жарысына ерекше үлгідегі көліктер көптеп жиналды. Бірақ бұл сайыста “Ну погоди” жеңіске жетті. 7 команданың ішінде бірінші орын алған топ ақшалай сыйлыққа ие болды.
Күні бойы концерттік бағдарламалар, байқаулар мен марафондарға қатысқан солтүстікқазақстандықтар кешкілік уақытта Пестрое көлі маңына жиналды. Петропавлдың 263-ші туған күнінде қалалықтар барынша көңіл көтеріп, есте қаларлықтай тойлауға тырысты. Би де биленіп, ән де айтылды.

Айтулы күнде Петропавлды туған күнімен құттықтауға елімізге белгілі әнші Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы келді. Шығармашылық концертпен бұл топ солтүстік жерінде алғаш рет келген. Олар қала тұрғындарын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Гүлсім Мырзабекова – «Формат» тобының әншісі

– Құрметті, қызылжарлықтар, Петропавл тұрғындары сіздерді қала күнімен құттықтаймын. Қалаларыңыз өркендей берсін. Күннен күнге әдемі болып жарқырай берсін. Тек жақсылық болсын.

Бүгінгі мерекеден қала тұрғындары мол әсер алды.

–  Мереке көңілімнен шықты. Концерт тамаша өтуде. Мереке құтты болсын. Қаламыз өркендей берсін.

– Бүгінгі концерт өте жақсы өтіп жатыр. Жастардың көңіл-күйі көтеріңкі. Петропавл, туған күніңмен! Жасай бер.

– Өте жақсы көңіл-күйіміз. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Мейрамдарыңыз құтты болсын.

Екі сағатқа созылған концерттен кейін, қалалықтар кереметтей от шашудың куәсі болды.

Айгерим Ержанова.