Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлдағы Жеңіс саябағында заманауи атракциондар орнатылуда

Владимир Козлов – “Мир аттракционов” ЖШС құрылтайшысы

– Осы саябаққа келіп, бос уақытын өткізетін тұрғындардың саны артып келеді. Сондықтан, балаларға арнап атракциондар орнатуды шештік. Бұл ұзақ мерзімді жоба. Биыл жыл соңына таман 20 құрылғы орнатпақпыз.

Жеңіс саябағындағы жұмыстардың барысын облыс әкімі байқады. Негізгі шаруаның жоспары жайлы өңір жетекшісіне шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов баяндады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі

– Саябақ ішінде аттракциондар 9 га-ға жайғастырылады. Қазіргі уақытта бұл ауданда 10 мыңнан астам тұрғын бар. Жалпы жоба бірнеше жылдың көлемінде іске асырылады.

Саябақ ішінде пайда болатын бірегей ойын-сауық орталығының барлық жәй-жапсарымен танысып шыққан Ерік Сұлтанов, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. “Мир атракционов” ЖШС-і келер жылы тағы 12 атракционды орнатуды көздеп отыр. Сондай-ақ саябақ ішін жасыл желекпен көгалдандыру да назардан тыс қалмайды. Биыл мұнда 200 жас көшет отырығызылыпты.

 

 

Бакыт Садуакасов.