МТРА жаңалықтары

Петропавлда 15 жас отбасына пәтер кілті табысталды

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі

– Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Петропавлда 30 000 шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылмақшы. “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша жасы 29-дан аспаған және еңбек етіп жүрген жастарға 200 орынға шақталған 2 жатақхана қолданысқа беріледі.

Осынау мерекеде 15 жас отбасы пәтер кілтін алды. Өз шаңырағының табалдырығын бірінші болып аттау бақыты Рустам мен Анастасия Исмаиловтардың жанұясына бұйырды.

4 жыл бұрын пайда болған интернационал жанұя бүгінде ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Олар жайлы баспананы 1,5 жыл күткендерін айтады.

Рустам Исмаилов, жаңа пәтер иесі

– Мен қаланың туған күнінде жеке пәтерге қол жеткізгеніме қуаныштымын. Баспанасыз жүрген отбасыларға да осындай қуанышты тілеймін. Ең бастысы, Елбасына жас отбасыларға арнап осындай бағдарламаны іске қосқаны үшін алғыс айтамын.

Баспаналы болған жас отбасыларға ата-аналары мен аға буын ізгі тілектерін жолдады.

Жібек Калиева

– Жайлы пәтерге немере қызым мен немере күйеу балам ие болды. Астанадағы тағы бір шөберем жақында баспаналы болмақшы. Патшамыз аман болсын, елге тыныштық тілеймін. Осының барлығына шүкіршілік етемін.

Сәтін салса, бір айдан соң “Қолжетімді баспана -2020” бағдарламасы бойынша, жас отбасыларға 27 пәтерлік үй де тапсырылмақшы. Баспана Ухабов көшесі 29, мекенжайында орналасқан.

Бауыржан Бейсембаев, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі

– Жалпы ағымдағы жылы екі үй барлық санаттағы азаматтарға берілсе, ондағы пәтерлердің 50 пайызы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін және тағы 50 пайызы – кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Бұл 90 пәтерлік және 55 пәтерлік екі үй.

Бүгінде 600-ден астам жас отбасы жергілікті әкімдікке пәтер алуға өтініш беріпті.

 

Берик Касен.