МТРА жаңалықтары

Пестрое жағажайында “Нептун” фитнес-клубы қала күніне орай тұрғындарға спорттық шаралар ұйымдастырды

Сергей Кочетков – жарысқа қатысушы

– Жарыста бақ сынап жатқан қарсыластарым мықты. Есесіне тартыс қызықты өтуде. Өзім кроссфит спорт түрімен 1,5 жыл бойы айналысамын. Жеңістен дәмелімін.

Сонымен қатар, Нептун клубының жаттығушылары ушу жауынгерлік қимылдарын көрсетті.

Виталий Тимошин “Нептун” орталығында 10 жасөспірімді “Ушу” жауынгерлік шеберлігіне үйретеді. Бүгін олар өз өнерін көрермендер алдында алғаш рет паш етті.

Виталий Тимошин – “Ушу” жауынгерлік шеберлігі бойынша бапкер

– Дәстүрлі ушу – бұл жауынгерлік өнер. Оған 3 тәртіп кіреді. Біріншісі, жекпе-жек. Екінші, қозғалыс-қимылдағы әсемдік және үшінші, ол – сауығу. Менің ойымша, шараға қатысқан 10 қатысушымыз, ушудың әдіс-тәсілдерін дұрыс көрсетті.

Ұлдармен бірге Жұлдыз Мұхамеджанова да ежелгі жауынгерлік қимылдарды меңгеріп жүр. Ушу өнеріне 3 ай бұрын ден қойған спортшы бұл көрсетілімге тыңғылықты дайындалыпты.

Жұлдыз Мұхамеджанова – шараға қатысушы

– Бүгін көрермендерге ушу өнерінің элементтерін паш еттік. Жалпы, жақсы дайындалып, білгенімізді ортаға салдық. Өзім бұл жауынгерлік өнермен 2 ай бойы шұғылданамын. Болашақта, спорт шебері болу үшін бар ынтамды салып, көздегеніме жетемін.

Дәстүрлі түрде өткізілетін “Нептун” күні бұл жолы да қызыққа толы болды. Жерлестеріміз жарыстар мен түрлі спорттық шараларға барынша ат салысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала тұрығындарының көңілін көтеру үшін олар бар күштерін салған.

Олеся Загаевская – “Нептун” фитнес-клубының фитнес менеджері

– Қала күніне орай “Нептун” фитнес-клубы тұрғындарға көңілді спорттық бағдарламысын ұсынды. Оған аэробика, тай боксы, ушу, кроссфит пен зумба биі кіреді. Менің ойымша, біз бұл шараны жоғары дәрежеде өткіздік.

Спорттық шаралардың соңында, кроссфит сайысында жеңіске жеткен спортшылар, медальдармен және “Нептун” фитнес-клубының абонементтерімен марапатталды.

 

 

Сагыныш Маркашева.