Мәдениет

Мәдениет саласының қызметкерлері 1-ші жартыжылдықты қорытындылады

Рустам Бикенев, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы

– Ауылдардағы мәдениет нысандарына қатысты тапсырманы облыс әкімі мамырдың 28-і берді. Содан бері бір ай өтті. Білуімізше, кей ауданда – 6, басқаларында 2 ойын-сауық орталығынан ашылып жатыр. Ал, кейбіреуі орындарынан қозғалар емес.

Кейін әңгіме ауаны тарихи археологиялық ескерткіш “Ботай қонысына” ойысты.
Келешекте ол тұрақта ашық аспан астында мұражай ашу көзделуде. Қазір жобасы әзірленуде. Музей-кешеннің пайда болуы өңіріміздің туристік әлеуетін арттырып,
өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейді деген сенім бар.

Виктор Зайберт, “Ботай” қонысын зерттеуші, тарих ғылдымдарының докторы

– Біз қазір ашық аспан астындағы мұражай-кешеннің жобалық-сметалық құжатын әзірлеп жатырмыз. Және оның экономикалық жағынан тиімді болуын қалаймыз. Атқарылатын шаруа аз емес, жалпы алғанда, ішкі жұмыстар көп болатын сыңайлы.

Осы тұста, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Рустам Бикенев өңір мұражайларында Ботай тұрағына қатысты экспозицияның болуы маңызды деп есептейді.
Бұдан соң алқа отырысында Шал ақын, Мамлют, Қызылжар аудандарындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары жарты жылда атқарылған шаруаларға тоқталды.
Ал, күн тәртібінде тұрған 3-ші сұрақ бойынша мұрағатшылар есеп берді. Жыл басынан олардан 2 мың адамнан құжаттар жөнінен сұраныс түсіпті. Дені -солтүстікқазақстандықтар мен өзге елдің азаматтары. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп екен.

Сәуле Мәлікова, СҚ мемлекеттік мұрағатының директоры

– Жергілікті мұрағатқа құжат сұратып Польшадан келгендер болды. Оларды СҚО-на жер аударылған қандастарының тағдыры қызықтырды. Біз оларға олар бойынша қажетті ақпаратты ұсындық.

Оңтайлы сәтті пайдаланып, мұрағатшылар көне құжаттарды сақтауға арналған ғимараттың жоқтығын алға тартты.

Отырыс соңында мәдениет саласының мамандары болашаққа жоспар нақтылады. Ол бойынша 2-ші жарты жылдықта кітапхана, клуб сынды әлеуметтік нысандардың саны көбейіп, ауылдарда шығармашылық ұжымдар жасақталуы тиіс. Жуық арада барлығы Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындалуы қажет. Мемлекетілігімізді айғақтайтын мерейтойлық дата қыркүйектің 11-і еліміздің әр аймағы мен аудандарында тойланбақшы. Кейін мереке қазанның 9-ы Тараз қаласында қорытындыланады.

Берик Касен.