Балалар

Kагерьде уланған балалардың жағдайы бірқалыпты

Марат Жексенбин – СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

– Қазіргі жағдайда барлық сараптамалар зерттеліп жатыр. Қандай құжаттар болғанын, санитарлық кітапшаның қайдан алғаны анықталуда.156 адам болған. Оның 6-ы ересек адамдар. Қалғаны балалар. Сол кезде 69 демалушы ауруханаға түскен. Қазіргі күні денсаулықтары жақсы.

Дәл осындай оқиға “АйыртауСтройТранс” ЖШС-не тиесілі мекемеде де тіркелген. Балалардың жаппай улану оқиғасынан кейін «Заря» өз жұмысын толығымен тоқтатты. Демалушылар бұл жерде құстың етін жеп уланған,- дейді СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Марат Жексенов.

Марат Жексенбин- СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

– Бұл жерде құстың етін жегеннен сондай жағдайға ұшырап отыр. Өнімді растайтын еш құжат табылмады. Сертификаты да жоқ. Кінәлі кім екені әлі зерттеліп жатыр.

Бүгінгі күні екі лагерьде тіркелген улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Айгерим Ержанова.