Без категории

Жерлес жазушы Борис Петровтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары

 

– КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы Солтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып қызмет атқарған Борис Николаевич – көпке танымал жазушы. Ол Ұлы Отан соғысына қатысты. Майданнан кейін Петропавл қаласына келіп, осында тұрақтады. Еңбек жолын “Ленинское знамя” газетінен бастап, одан кейінгі жылдары облыстық партия комитетінің аппаратында жұмыс істеді.

“Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді” дегендей, Борис Петров өзі дүниеден өтсе де, артында өзінің тың туындылары мен шығармаларын қалдырған. Жерлес жазушымен етене жақын араласқандардың қатарында қоғам қайраткері Таңат Сүгірбаев та бар.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі

– Борис Петровты жас кезімнен білемін. Ол 1970 жылдары облыстық партия комитетінде қызмет атқарып жүрді. Ол кісінің шығармашылығымен де етене таныспын.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Борис Петровтың қызы Валентина Петрова да қатысуда.

Валентина Петрова – Борис Петровтың қызы

– Әкемнің тұрған үйде ескерткіш тақта орнатылғанына қуаныштымын. Мен үшін бұл күн мәңгі есте қалмақ. Қайырымды ұрпақ оған осылайша зор құрмет көрсетуде. Әкеміз – өз ортасында сыйлы болған азамат.

Борис Петров түрлі тақырыпта қалап тербеген. Жазушының көзі тірісінде 8 кітабы жарыққа шыққан.

 

Бакыт Садуакасов.