Спорт

Жасыл алаңда әуесқой футбол командалары өзара бақ сынасуда

Осыдан кейін намысқа нырысқан «Жеңіс-96» құрамасы шабуылдарына қарқын қосты. Кездесудің 27-минутында “Әділіет” командасының көк жидедегі спортшысы ойынның тәртібін бұзып, олардың қақпасына айып добы белгіленді. Көрсетілген жерден “Жеңіс-96” құрамасының шабуылшысы допты шірене тартып, алыс тоғыздықты дәл көздеді. Осылайша есеп теңесті.

Әділ Серғалиев – «Жеңіс 96» құрамасының ойыншысы

 

– Тыңғылықты дайындалдық. Құрамадағы балалардың барлығы -жақсы ойыншылар. Былтырғы жылы осы жарысқа қатысып, ұтылып қалған болатынбыз. Биыл жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Тартысты өткен бәсекеде «Әділет» құрамасы 9:2 есебімен жеңіске жетті. Жалпы, турнирға қатысуға 16 құрама өтініш берген. Олар топтық кезеңде сыңға түсетін болады.
Жарыс қазан айына дейін жалғаспақ. Жүлдегер атанған командалар мақтау қағазы, кубоктармен марапатталатан болдады.

Култанов Байболат.