Бизнес және экономика

“Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” 12 жыл толды

Райхан Әбдірахманова – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры

 

– 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында банктің облыстық филиалы сомасы 5,6 млрд. теңге болатын тұрғын үй құрылыс жинағына қатысты 2 947 келісім шарт жасасты. Бізде жуырда “көшпелі сервис” қызметі іске қосылған болатын. Соның арқасында шалғай аудандардағы азаматтардың да тиісті кеңес алуына және тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім шарт жасауларына мүмкіндік туып отыр.

Бүгін аталған қаржы институтының тарихында қалатын елеулі оқиға орын алды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы мен “Основание” ЖШС арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Енді, осы келісімнің аясында нарыққа қарағанда төмен бағаға пәтер алу мүмкіндігі туып отыр.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры

– Біз “Уют” дүкенінің маңына Мир мен Шухов көшелері қиылысындағы тұрған үй сияқты баспана саламыз. Ол жерде 53 пәтері бар тоғыз қабатты үй бой көтереді. Құрылысты биыл бастап, келер жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Бүгін банктің туған күніне көптеген қонақтар келді. Жайылған мол дастарханның төрінен осы қаржы институты арқылы жаңа баспанаға қол жеткізген 5 жерлесімізге орын берілген. Жакиндер отбасысы облыс орталығына Жамбыл ауданындағы Пресновка селосынан көшіп келіпті. 2009 жылы Сара Жакина мен отағасы екеуі пәтерге деп қаржыларын жинай бастайды. Ал былтырғы жылы олар қоныс тойын тойлаған.

Сара Жакина

– Бұл банкте есеп ашу өте тиімді. Мемлекет жыл сайын сыйақы беріп тұрады.

Жалпы, 9 жылдың ішінде “Қолжетімді баспана” мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы арқылы 400-ден астам отбасы жаңа пәтерлерге ие болған.

 

 

Риат Шони.