Спорт

Петропавлда велокөпкүндіктің келесі кезеңі бастау алды

Даниил Марухин – жарысқа қатысушы, Қостанай қаласы

 

– Кешегі кезең өте қиын болды. Жолда біраз кедергілер кездесті. Алайда, мен күшімді жинақтап, мәреге бірінші келдім. Бұл – әрине, командалық ұжымның жетістігі. Бүгінгі жарыста сол жеңісімді қайталаймын деп сенемін.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін өткізіліп жатқан көпкүндікке еліміздің 12 өңірінен 120 велошабандоз қатысуда. Бұл сында теріскей намысын сайдың тасындай іріктелген 2 құрама қорғауда. Әзірге, жерлестеріміз жалпы есепте Астаналық құраманы алға жіберіп, турнир кестесінің екінші сатысында тұр.

Владимир Парахин – велосипед спортынан ОРМБМЖСМ директоры

 

– Жарыстың бірінші күні біздің спортшыларға ауыр тиді. Көпкүндікке қатысушы командалар жоғары деңгейде қарсылық танытты. Ауа райы да біраз кедергі келтіріп еді, бірақ, спортшыларымыз лайықты өнер көрсете білді. Олар турнирға жақсы дайындалған болатын. Енді алдағы күнгі жарыстардан жеңіс күтеміз.

Ертең өтетін келесі кезеңде спортшылар командалық жарысқа түседі. Олар Новокаменка-Архангелка жолында 50 шақырымды бағындыратын болады. Велокөпкүндік шілденің 13-і аяқталмақ.

Култанов Байболат.