МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Fashion days” көрмесі өтуде

Әсем Қасымова – көрмені ұйымдастырушы комитеттің өкілі

 

– Осыған дейін мұндай жәрмеңкелер еліміздің Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент және Қарағанды қалаларында өтті. Енді міне Петропавлға да жетіп отырмыз. Келушілер назарына киім-кешек, әшекей бұйымдар мен тағам өнімдері ұсынылды. Көрмеге келген адамдар тауарды сатып ала алады. Бағасы тиімді, сапасы да жоғары.

Нәзік жандылар мұнда көптеп жиналған. Барлығы да 20-ға жуық сәнгер тіккен киімдерді тамашалауға келіпті. Мұнда олар үлгісі қайталанбайтын ерекше көйлектер, аяқ киімдер, жейделерді кездестіре алады. Киім үлгілері жас қыздар мен орта жастағы әйелдерге арналған.

Ботагөз Кәрібаева – “ANTHENACLOTHING” брендінің менеджері, Алматы қаласы

– Мен – “ANTHENACLOTHING” брендінің мүшесімін. Бұл бренд 2014 жылы дүниеге келген.00:20-31 Әр элемент ойластырылған. Жазғы коллекциядан да коллекция бар. 01:40-58 Біздің брендтегі киімдер әр түрлі жастағы қыз-келіншектерге арналған.

Сондай-ақ, бұл жерде қонақтар түрлі сусын, соның ішінде қымыздан дәм татты. Үстелге жайылған тәтті-дәмдіден де ауыз тиді.

Ал мына жерде әшекей бұйымдардың түр-түрі жайғасқан. Барлығы да қолдан жасалыпты. Әдемі тастармен көмкерілген сырғалар, шаш түйреуіштері, білезіктер. Барлығы да үлкен еңбек пен шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, қала тұрғындарға таза теріден жасалған бұйымдар да көрсетілді.

Меруерт Жоланова – “Adili” брендінің өкілі

– “Адили” брендінің өкілдері ұлттық нақыштағы орамалдар, сөмкелер, белбеулер мен әмияндарды әкеліп отыр. Бағасы өнімнің сапасына сай. Мына кішігірім орамалдардың бағасы 6 мың теңге болса, теріден жасалған сөмке 36 мың теңге тұрады. Көбіне жастар қызығады.

Бұл жәрмеңке Петропавлда үш күнге созылмақ. Яғни, қала тұрғындары жас дизайнерлердің көрмесін шілденің 12-не дейін тамашалай алады.

 

Айгерим Ержанова.