Аптадағы маңызды жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы – облыс әкімінің бақылауында

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

 

– Кроме благоустройства я здесь проблем не вижу. Благоустройства будет сделано. Вам надо будет витражи поставить. Как я понял кроме спорт зала все помещения готовы, так?

Бүгінде жоспарлы жұмыстың 75 пайызы еңсеріліпті. Нысанға инженерлік және кәріздік желілер тартылып жатыр, енді мектептің шатырын жауып, ішін әрлеу ғана қалды.

Оксана Грибанова, “Пилон” құрылыс компаниясы” ЖШС директоры

– Біздің компаниядан бөлек бұл жерге электр, жылу және кәріздік желілерді салумен айналысатын қосалқы 4 фирманың жұмысшылары тартылды. Олар нысан тұрғызылып біткен соң маңайды абаттандырады. Мектептің құрылысына ел қазынасынанн бөлінген 417 млн. теңгенің біраз бөлігі игерілді. Техника мен қажетті материалдар жағынан таршылық көріп отырған жоқпыз. Тек жұмыстың уақытылы аяқталуына ауа райы қолбайлау болып тұр.

Құрылыс барысымен жіті танысқан облыс әкімі мердігер компания басшылығына жұмысқа қарқын қосып, мектепті уақытында тапсыруды жүктеді.

Сондай-ақ, осы күні өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында құрылысы жүріп жатқан Александр Винокуров атындағы спорт сарайында да болды. Ауданы 11 мың 208 шаршы метр аумақты құрайтын нысанды “Вилена” ЖШС тұрғызуда. Қазір уақытта ғимараттың іші мен сыртында мердігер компания жұмысшылары тынбай еңбек етуде. Алдағы уақытта мұнда мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі мен бірнеше спорт залы орналасады. Екібатты алып нысан осы күні 80 пайызға әзір.

Азамат Анафин – “Вилена” ЖШС учаске басшысы

– Александр Винокуров атындағы спорт сарайының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Кейін қосымша тағы ақша қарастырылып, жоба құны 3 млрд-қа ұлғайтылды. Құрылысқа қажетті материалдарды еліміз бен көршілес Ресей қалаларынан жеткізудеміз. Жұмыс күші де жеткілікті. Нысанды салуға 20 техника жұмылдырылған.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ең алдымен құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан нысанның бірінші қабатындағы жеңіл атлетика манежін қарап шықты. Кейін, өңір жетекшісі спорт сарайының екінші қабатына көтеріліп, мұз айдынының салыну барысына куә болды. Спорт сарайының басқа да залдары облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Ауқымды құрылыс нысанының жай-күйімен толықтай танысқан аймақ басшысы бас мердігерге нысанның құрылысын кестеден кешіктірмей, уақытында тапсыруды міндеттеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік қазақстан облысының әкімі

– Жалпы, құрылыс ойдағыдай жүріп жатыр. Дегенмен, ең алдымен нысанның шатырын толығымен жабу керек. Және әрлеу жұмыстарының жүргізілуіне де қарқын қосу қажет. Тамыздың 20-сы жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылуы тиіс.

Жоспар бойынша спорт сарайы үстіміздегі жылы тапсырылады деп күтілуде.

Берик Касен.