Мәдениет

12 шілде – Қала күні мерекесі


Әлия Бейсенова – Петропавл қаласы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы

 

– Мерекелік бағдарлама, әдеттегідей, орталық алаңда таңғы сағат 11-де бастау алады. Іс-шараға Омбы қаласының шығармашылық ұжымдары да қатысады. С.Мұқанов атындағы кітапхана алдына “Сайра, домбыра” атты концерт, ал облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қасында түрлі көрме өтеді. Отбасылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылады. Ал сағат 23.00-де қала тұрғындары Пестрое көлі маңында өтетін керемет от шашудың куәсі болады.

Петропавл қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Мереке күні көпшілікпен бірге тойлауды ұйғарған солтүстікқазақстандықтар қала күнін асыға күтуде.

–  Биылғы мереке былтырғыдан ерекше, қызықты өтеді деп ойлаймын. Қала күні қарсаңында облыс орталығы әсем шаһарға айналды. Туған күніңмен, Петропавл!

– Мереке құтты болсын Деніміз сау, аспанымыз ашық болсын.

Сонымен қатар, бұл күні петропавлдықтарды елімізге белгілі “Формат” тобы өздерінің концертімен қуантады.

 

 

Айгерим Ержанова.