Спорт

Велоспортшылар жарыс жолына шықты

Әли Нәбиев – велошабандоз, Көкшетау қаласы.

-Жарысқа Көкшетау қаласынан келіп отырмыз. Бұған дейін де осындай республикалық жарыстарға қатысқан болатынмын. Алайда, жүлделі орынға іліге алмадым. Бүгінгі жарыста барымды салып жеңуге тырысамын.

Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін көпкүндік республикалық жарыс теріскей төсінде осымен 3-ші мәрте өткізілуде. Бұл жолы желмен жарыса жүйткіген жеткіншектердің қатары өткен жылмен салыстырғанда біраз артқаны байқалады.

Владимир Парахин – велосипед спортынан ОРМБМЖСМ директоры.

-Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 18 құрама команда қатысуда. Әр кезеңде жүлдегер атанған сайыскерлерге “Технодом” дүкендер желісінің арнайы сыйлықтары бар. Бір айта кетерлігі, осы турнирде көзге іліккен, болашағынан зор үміт күттіретіндерінің ел құрамасына өту мүмкіндігі бар. Сондықтан барлығы да жеңіске жетуге асық. Тек төзімділігі жоғары спортшылар ғана көптің арасынан суырылып, мәреге бірінші болып жетеді.

Міне, қатысушылар топтық жарысқа аттанып та кетті. Кімнің асығы алшысынан түсіп, бағы жанатыны уақыт еншісінде.

Жалпы саны 120 спортшы 5 күн бойы облыстың тас жолдарында 2 топтық, 2 командалық және жекелей сындарда жарыс жолына шығады.

 

 

Бакыт Садуакасов.