Салық басқармасы

“Түбіртекті суретке түсір де сыйлық ұтып ал” акциясы жалғасуда

Жанна Кушбасова – байқау жеңімпазы.

-Мен дүкеннен нан сатып алсам да түбіртек талап етемін. Басында мән бермейтінмін. Қазір барлық отбасымызбен жинаймыз. Жеңіске жетемін деп ойламаппын. Өте қуаныштымын.

Жалпы маусым айында сайтқа 1000 аса сурет келіп түскен. Олардың 400 шақтысын Жанна жүктеген. Сөйтіп, ол жеңімпаз атанып отыр. Бүгін оған салық департаментінің мамандары мақтау қағазын табыстап, ұялы телефон сыйлады. Бұл акция аясындағы екінші ұтыс ойыны. Ай сайын конкурс қатысушылары артып келеді.

Есмағзұм Байбосынов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бастығының орынбасары.

-Акция ағымдағы жылдың 30 мамырында басталған болатын. Негізгі мақсат тұрғындардың салықтық сауаттылықтылығын арттыру. Түбіртекті міндетті түрде алу қажет. Сол арқылы тұтынушы өзінің құқығын қорғай алады. Және біздің байқауға қатысу мүмкіндігі бар.

Конкурстың ай сайынғы жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды. Шара қарашаның 30 дейін жалғаспақ.

 

 

Култанов Байболат.