МТРА жаңалықтары

“Қызылжар су” ЖШС облыс орталығындағы жөндеу жұмыстарына 380 млн. теңге бағыттауда

Ержан Кусумбаев – “Қызылжар су” ЖШС сумен жабдықтау кешенінің жетекшісі.

-Бұл құбырлар 50 жылға шыдас береді. Қазір 150 метрі ауыстырылды. Барлық жұмыстар келесі аптада аяқталады. Жалпы биыл 9,5 шақырым су құбырларын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Қазір ол шаруаның 48 пайызы тындырылды.

Сондай-ақ, “Қызылжар су” кәсіпорны кәріздік сорғыш станциялардағы техникалық құрылғыларды да жаңғыртуда. Жаңа қондырғылар толығымен автоматтандырылған неміс өнімі. Жалпы бүгінгі күні серіктестіктің балансында 19 кәріздік сорғыш станция бар.

Ербол Нәбиев – “Қызылжар су” ЖШС су тарту кешенінің жетекшісі.

-Үстіміздегі жылы 4 сорғыш санцияны жөндеу жоспарланған. Оның біреуі күрделі жөндеуден өтеді. Ал қалғандарына жаңа қондырғылар орнатылып, құбырлары алмастырылады. Барлық жұмыстарды қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Станциялардағы әр сорғышты ауыстыруға 10 млн теңгеден жұмсадық.

Ал М.Жұмабаев көшесінде серіктестік қызметкерлері 230 метр желіде диаметрі 500 мм болатын кәріздік коллекторды алмастырып жатыр. Бұл жұмыс тың технологияның арқасында жүргізілуде. Ең әуелі асфальттың бетін қолмен бұрғылайды, кейін ГНБ деп аталатын қондырғымен көлбеу бағытталған бұрғылау әдісі арқылы барлық жұмыстар тындырылады. Бұл әдіс асфальттың аз ғана бөлігіне зақым келтіреді екен.

Арман Саутов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-Біз сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын жүргізудеміз. 900 шаршы метрге асфальт төседік. Ол қыста және көктем уақытында қазба жүргізілген 25 учаске. Сонымен қатар, шілде айында 500 шаршы метрге асфальт төсеу жоспарланған. Яғни бұл учаскелерде абаттандыру құбыр тарту жұмыстары аяқталған соң жүргізіледі.

Жалпы барлық жөндеу жұмыстарына “Қызылжар су” ЖШС 380 млн. теңге қаржы бағыттапты.

 

Риат Шони.