МТРА жаңалықтары

Қазақстанда мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізіледі

Светлана Зайцева – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы.

-Мемлекеттік қызметші мансабы бойынша жоғарылау үшін 2 кезеңнен тұратын конкурстан өтуі керек. Біріншісі бойынша іріктеу сол мемлекеттік органдарда еңбек ететін жұмысшылар арасында жүргізіледі. Егер де аталған мекемеде лайықты кандидат табылмаған жағдайда басшылық қызметке өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері таңдалады.

Осылайша, бұдан былай мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру оңай болмайтыны анық. Яғни, үміткер заңды жетік білумен ғана шектелмей, әңгімелесуден өтуге міндеттеледі.

Светлана Зайцева – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы.

-Жаңа мемлекеттік қызмет аппаратының тағы бір ерекшелігі – сол, жас мемлекеттік қызметшілерге 6 ай сынақ мерзімі бекітіледі. Кейін үміткер қызметке лайық деп танылса, жұмысын жалғастыра алады.

Жаңашылдық Ұлт жоспары – “100 нақты қадам” бағдарламасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың алғышарты саналады. Айту керек, жыл басынан біздің өңірде мемлекеттік қызметке 356 кандидат жұмысқа тұрған. Ал барлығы теріскейде 5 мыңнан аса мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

 

 

Бакыт Садуакасов.